04.12-09.12 аралығында ҚР БҒМ ҒК “Лингвомәдени компонентпен биологиялық терминдердің үштілді сөздігін құру” гранттық жобасының ғылыми қызметкерлері Ишмуратова Маргарита Юлаевна мен Калижанова Анна Николаевна биология бойынша үштілді сөздіктің электронды нұсқасын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сөздіктің дискілі нұсқасы № 4 ОББМ, № 20 мектеп-гимназиясы, Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайы мен Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқаған университетінің кітапханасына енгізілді.
Грант қызметкерлері сөздіктерді тегін пайдалануға беріп қана қоймай, жоба шеңберінде шығарылған өнімді пайдалануды одан әрі мониторингтеу мақсатында мектептердің биология пәні мұғалімдерімен және жоғарыда аталған білім беру мекемелерінің ғылыми қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Ишмуратова М.Ю.
Калижанова А.Н.