Облыстық “Ortalyq Qazaqstan” газетінің беттерінде “Bolashaq” академиясының ректоры профессор К. Н. Менлибаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Жолдауына пікірімен мақаласы жарияланды.
Құралбай Несіпбекұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы – біздің қоғамымыз үшін аса маңызды бағдарламалық құжат және Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қойған барлық міндеттер өте өзекті, терең пысықталған, ресурстық қамтамасыз етілген және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев белгілеген курстың жалғасы болып табылатынын атап өтті.