16.01.23 күні сағат 15.00де “Ғұмырдария” поэзия клубының ұйымдастыруымен «ПОЭЗИЯ – ҚҰДІРЕТТІ КҮШ» атты әдеби кеш өткізілді.
Кешті қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері өткізді.
Әуелі кешіміздің шымылдығын поэзия клуб басшысы Жұрағат Аймарал «ПОЭЗИЯ – ШЕКСІЗ ӘЛЕМ, ҚҰДІРЕТТІ КҮШ. ОЛ — АДАМНЫҢ ІШКІ СЕЗІМІНІҢ ТІЛ ЖЕТПЕС ТЫЛСЫМЫНДА ЖАТҚАН ЕРЕКШЕ ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ӘЛЕМІ» дей келе поэзияның қазақ қоғамындағы орны, тылсым құдіреті туралы пікірлерін тілге тилек етті.
Ары қарай, Рамазанова Аружан
«Мұқағали – поэзиясында дүние құбылысының барлық үні шоғырланған кемел талант»-деп тұжырым жасады. «Поэзия сен менімен егіз бе едің ?» өлеңін талқылады.
Бұл бас қосуда поэзия күші мен сан ғасырлық сыры жайлы ой бөлісті. Поэзияның қоғамдағы, қазақ өміріндегі орны туралы мәселе ортаға салынды. Сонымен қатар,қатысушылар пікірлерін білдіріп қана қоймай нақыл сөздерді ортаға салып, сүйікті ақындарының өлеңдерін оқыды. Жастар жанына жақын Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев сынды ақындардың шығармашылығына тоқталды. Бұл кездесуден алған әсер ерекше. Өз ойыңмен қызығушылығың ұштасатын жандармен ой бөлісу тым бөлек дүние. Кеш қатысушыларвна да пайдалы болды деген ойдамыз.