«Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Г.С.Махмутова және В.А.Байбекова, оқу-әдістемелік басқармасының практика бойынша маманы Ж.М.Конысбаеваның қатысуымен 4 курс студенттерімен Skype бағдарламасы арқылы on-line режимінде практиканың қорытынды конференциясын 16 cәуір күні өткізді.
Қаңтар айының 27 мен сәуір айының 4 аралығында ПиП-16-2 тобының студенттері «Қарағанды «BOLASHAQ» жоғарғы колледжінде, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде және Балқаш қаласындағы Ә.Мусин атындағы педагогикалық-техникалық колледжінде «Педагогикалық колледждегі кәсіби практисын (өндірістік)» өтті.
Практикаға «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Махмутова Гүлім Сағынбаевна мен Байбекова Венера Алимкуловна жетекшілік етті.
Студенттеріміз өздерін педагог ретінде қалыптастырып, педагогика және психология пәндері бойынша сабақтар, тренинг элементтері араласқан ойындар, психокоррекциялық конспектілер мен бақылаулар жүргізіп, тәрбиелік мәні бар кураторлық сағаттар мен ашық сабақтар өткізіп мол тәжірбие жинақтады.
10 апталық практика кезінде студенттеріміз өте көптеген жаңашылдыққа үйреніп, үлкен тәжірбие жинақтағандарын сәуір айының 16 жұлдызында «Skype» желісі арқылы өткен қорытынды онлайн коференциясында сеніммен айта кетті. Конференция барысында студенттер өздерінің практикадан өткен жұмыстарын слайд түрінде көрсетіп, кеңінен таныстырды.
Соңынан практика жетекшілері тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, студенттермен практика барысы талқыланды. Тоқмырза Айжарқын мен Жукенова Сабина өздерінің Қарағанды Жоғары политехникалық колледжден, Боранкулова Динара «Қарағанды «BOLASHAQ» жоғарғы колледжіндегі және Серикова Тілеужан Балқаш қаласындағы Ә.Мусин атындағы педагогикалық-техникалық колледжіндегі «Педагогикалық колледждегі кәсіби практика (өндірістік)» өткен практикасы жайлы айтып беріп, мағлұматпен таныстырды.
Бітіруші түлектерімізге тек қана сәттілік тілейміз!