2019 жылы 9 желтоқсанда “Bolashaq” академиясында студенттер үшін парасаттылық сағаты өтті. Оның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, соның ішінде білім алушылардың заңнама нормаларын сақтауға ұмтылысын қалыптастыру, білім беру және мәдени деңгейін арттыру.

Парасаттылық ұлттың рухани өзегіне, прогрессивті қоғамның өмір сүру нормаларына айналуы тиіс. Өйткені еңбекке, өзіне, қоршаған әлемге адал қарым – қатынас-ел табысының басты факторы.

