
Қазан 2020
Құрметті достар!
Сіздердің назарларыңызға біздің студенттік «ЛиМоНаД»газетінің кезекті нөмірін қуана ұсынамыз.
«Болашаққа 25» айдары оқырмандарымен әр жылдардағы түлектердің естеліктерімен бөліседі. Сондай-ақ, «Bolashaq»академиясының қызметкерлері өз естеліктерімен және тілектерімен бөліседі.
Біз пандемияға байланысты шектеу режимінде өз қызметімізді жалғастырамыз. Нөмірде өткен айдың онлайн оқиғалары: конкурстар, конференциялар, тақырыптық кездесулер және басқа да іс-шаралар көрініс табады.
«Болашақтан бастау алған» айдарының қонағы Педагогика және психология кафедрасының түлегі болды.
«Bolashaq» академиясы covid-19 КВИ ауруының өсуіне байланысты санитарлық нормаларды сақтауды, бетперде киюді және әлеуметтік алыстауды сақтауды еске салады.
Осы және басқа да оқиғаларды «ЛиМоНаД» студенттік газетінің беттерінен оқи аласыз.
Жағымды жаңалықтармен танысыңыз!