2022 жылдың 5 сәуірінде Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” газетінде “Пагануцци Н.В.: Сарыарқадағы фан тауларының иесі” (Өмірбаян. Жол жазбалары. Проза) кітабінің тұсаукесері өтті. Өмірбаяндық очерк авторы және редактор-құрастырушы “Bolashaq” академиясының “Руханият” ҒЗО директоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі А.У. Аупенова.
Басылым Орталық Қазақстандағы альпинизм мен тау туризмінің негізін қалаушы Н.В. Пагануццидің (1899-1988) құжаттық куәліктерін іздестіру, анықтау, тіркеу, зерделеу, зерттеу бойынша А.У. Аупенованың мұрағаттық ізденістері мен көпжылдық жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Дүниежүзілік туризм күні – 27 қыркүйек 2000 ж. – педагог және саяхатшы Н. В.Пагануцциге Қарағанды қаласында Ленин көшесіндегі (қазіргі Абай көшесі) № 2 үйдің қабырғасында мемориалдық тақта ашылды.
Кітапта алғаш рет Н.В. пагануццидің жарқын өмірбаяны және көркем шығармаларының ең толық жинағы, сондай-ақ сол кездегі беделді басылымдармен және туристік ұйымдармен хат алмасулары бар. Кітап 120 дана тиражбен басылып шықты, және ол Қарағанды өңірі мен туристік қозғалыс тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Кітаптың тұсаукесеріне басылымның рецензенті, спорттық туризм бойынша спорт шеберіне кандидат, Қарағанды облыстық спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің “Төтенше жағдайларда қорғау” бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Н.Я.Воевода қатысты. Сөз сөйлеу барысында Николай Яковлевич: “Мемлекеттік мекемелердің мұрағаттарынан өмірбаянның құжаттық куәліктерін мұқият және көп жылдық іздеудің, отбасылық құжаттарды, ашық баспасөзде жарияланған әдеби мұраның ресми құжаттарын зерттеудің, А.У. Аупенованың олардың жақын туыстарымен әңгімелерінің, жолдастарымен, оқушыларымен және ізбасарларымен сұхбаттарының нәтижесінде осы әдеби жұмыста көрнекті адам – зиялы, публицист, жаңашыл мұғалім, географ ғалым, саяхатшы, спортшының бейнесінің өмірбаяндық жазбасы қалыптастырылып, ұсынылды”,- дейді.
Қарағанды облысында спорттық туризмнің қалыптасуы мен дамуындағы Н.В. Пагануццидің рөлі баға жетпестей. Атап айтқанда, оның шәкірттері, серіктері мен ізбасарлары (Кондратьев В. Я. және В.С., Непомнящих В., Тимофеев А., Гульнев Ю., Шубин А., Терехов А., Укушева Ф.У., Айгистов Г. А., Энс Г., Рекубратский Н. Ф., Ромашкин Ш.К., Мусин Ш.К., Кистанов С.П., Тен В., Дедий А, Фарафонов К., Габбасов И.У., Русков П.А.) посткеңестік кеңістіктегі Тәуелсіз мемлекеттер аумағында да, әлемнің ең қиын шыңдарына көтерілуде де спорттық бағыттардың географиясын кеңейтуге үлкен үлес қосты және үлес қосуда (Гималай: Лходзе, К-2, Эверест”.
Кітаптың құрылу тарихы мен шығарылымы туралы келесі сілтемелер арқылы толығырақ білуге болады: –https://inkaraganda.kz/novosti/kultura/hozjainu-fanskih-gor-posvjashhaetsja/ Индустриальная Караганда ” газетінің электрондық нұсқасы, Ақпараттық-танымдық портал – https://inkaraganda.kz/novosti/kultura/hozjainu-fanskih-gor-posvjashhaetsja/ «El.kz»https://el.kz/ru/amp/news/znanie_old/khozyain_fanskikh_gor_iz_sary-arki/– Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” ресурсы Фейсбукте:https://fb.watch/cc6SIm5y7f/
“Руханият” ҒЗО