2020 жылдың 7 қазанында Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ. к., доцент Ақылбек Тайболатұлы Қабжановтың жетекшілігімен кафедрада эдвайзер-куратордың (Әсел Қасенқызы Ахметова), өндірістік тәжірибе бойынша жауапты қызметкердің (Гүлнұр Мұратқызы Алтайбаева) сырттай оқу бөлімінің студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Кездесу Skype платформасын қолдану арқылы өтті.
Ақылбек Тайболатұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол түлектердің назарын пандемия жағдайында онлайн оқыту ережелеріне аударды. Егер студент оқуға ынталы болса, онда ол өз уақытын дұрыс ұйымдастыра алады және оны тиімді қолдана алады.
Кафедрадағы практикаға жауапты аға оқытушы Алтайбаева Гульнур Муратовна өндірістік практикадан өту мерзімі, тәртібі және шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу мазмұнды және қызықты өтті. Студенттер сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.