2020 жылғы тамыз конференциясы аясында кадрларды даярлау бағыттары бойынша ОӘБ-ЖБТ кестесіне сәйкес “Bolashaq” академиясының МДжБББ кафедрасының оқытушылары “ОӘБ бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасы: заманауи трендтер мен міндеттер” вебинарына қатысты.
Төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
– «Қашықтықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану»пәнін оқыту туралы» п.ғ.к., «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы » республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының ақпараттық-ресурстық қызмет бойынша орынбасары баяндамашы Калиева Гүлсара Ислам-Ғазиевна,
– «Болашақ маманның интеллектуалдық деңгейін жетілдірудің педагогикалық алғы шарттары» -– «Интеллектум» қосымша білім беру орталығының бас директоры, п.ғ.к., доцент, баяндамашы Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы;
- «Білім беру бағдарламаларын жасаудағы мүдделі тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі» – «BilimInvest» Ұлттық инвесторлар қауымдастығының вице-президенті – баяндамашы Батырбекова Куланда Уалиханқызы;
- «Болашақ мамандарды дайындауда білім беру ортасын ұйымдастырудың инновациялық бағыттары» – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор, баяндамашы Жиенбаева Сайра Нағашыбаевна;
Үзілістен кейін вебинар жалғасын тапты.
«Мектепке дейінгі білім берудің құқықтық-нормативті өзгерістеріне қарай маман дайындау мәселелері» атты тақырыбымен баяндамашы Масақбаева Лунара Тұрсынқызы, Алматы қаласы, Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының» мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің жетекшісі жалғастырды.
Вебинар шығармашылық атмосферада өтті. Ұсынылған баяндамалардың қызықты мазмұны қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары Акпарова Ж.М., Шалтаева Р.Ж., Бокижанова Г.К., Сарбасова К.А., Таликова Г.Т., Арунова Ж.А., Бондаренко В.В. және т.б. тыңдалған баяндамаларды талқылауға белсенді қатысты.
Вебинар қатысушыларына мектепке дейінгі және бастауышта оқыту кафедрасының меңгерушісі п.ғ. к., профессор И.И.Храпченкова құттықтау сөз сөйлеп, осы іс-шараның өз уақыттылығы мен маңыздылығын атап өтті.