Карлаг: “Болашақ үшін естелік” жобасының материалдары

“Карлаг: болашақ үшін естелік” жобасы – тоталитарлық режим кезеңіндегі КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіндерді зерттеумен айналысатын, саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдардың моральдық және заңдық тұрғыдан ақталуына жәрдемдесетін халықаралық тарихи-ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік және қайырымдылық жобасы.

Жобаның авторы және ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков.

“Карлаг: болашақ үшін естелік” жобасы “Bolashaq” академиясында 2006 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Жоба әлемнің 30-дан астам елінде белгілі.

Ғалымдар, оқытушылар, жазушылар мен журналистер студент жастармен бірлесіп және халықаралық сарапшылардың қатысуымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туған өлкесінің тарихы мен тағдырын жан-жақты зерттеу мақсатында 40-тан астам кітап дайындап, көптеген түрлі іс-шаралар өткізді.

Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы “Карлаг: болашақ үшін естелік” жобасына қатысушы А. У. Аупенованың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945 ж. ж.) КСРО ІІХК Қарағанды еңбекпен түзеу лагері мысалында, Долинка кентіндегі еңбекпен түзеу лагерлері жүйесіндегі мектептегі білімге жан-жақты талдау берілген “ГУЛАГ жүйесіндегі мектептегі білімнің ерекшелігі (Карлагтың Долинка мектебі мысалында)” материалдары бойынша документті фильм түсірді.

Бейнематериалмен Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының YouTube арнасындағы сілтемесі бойынша танысуға болады.

«Руханият» ҒЗО

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.