2020 жылғы 21 қазанда “Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетігі ретінде” вебинары өтті, оның спикері “Bolashaq” академиясының проректоры, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ботагөз Тельманқызы Ахметова болды.

Вебинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру барысында мұқият зерделеуді талап ететін факторлар қаралды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында көрініс тапты.