2019 жылдың 15 қазанында “Bolashaq” академиясы мен Гоголь атындағы облыстық кітапхананың бірлескен келісімі аясында және 2019-2020 жылдарға арналған “Рухани жаңғыру” фармацевтикалық пәндер кафедрасының жоспарына сәйкес, екінші курс студенттері,Фм 18-1, 2 тобының студенттері Гоголь атындағы әмбебап облыстық кітапханаға барды .
Кітапханаға келудің мақсаты: студенттерді осы жылы 85 жасқа толатын облыстық әмбебап кітапхананың тарихымен таныстыру.
Бұл іс – шараның басты мақсаты-студенттердің оқуға қызығушылығын ояту, жаңа ақпараттар мен жаңа білімді іздеу.
Кітапхана бойынша саяхат библиоквестен басталды ” не және қалай табуға болады – кітапханаға бар!”. Студенттер “кітапханаға келудің 5 себебі”Instagram-ға қатысты.
Келушілерді қызықтыруы үшін кітапхана көрмелер, викториналар, конкурстар, фото-сессиялар, шолулар және зияткерлік-танымдық ойындар ұйымдастырды.
Қызмет көрсету бөлімдері жастар аудиториясына үлкен қызығушылық тудырған шығармашылық ойлар мен идеяларды ұсынды:
Оқу залы “Күзгі көңіл – күй” атты фотозон ұйымдастырды. “Find a book” кітап тыстарынан пазлдарды жинайтын әуесқойлар да аз емес.
Ал, Илясов Иззат, Дюсенбекова Куним және Иванова Валерия “Мой город –Караганда” викторинасына және “Моя Гоголевка” блиц –сауалнамасына белсене қатысқан студенттер ынталандыру сыйлықтарын алды.
Саяхат соңында студенттер “Рухани келісім әлеміндегі-Қазақстан = Казахстан в мире духовного согласия” атты кітап көрмесінің материалдарымен танысты.
Осы бірегей кітапханаға алғаш рет келгендер де кітапхана мүмкіндіктеріне, қызықты бағыттар бойынша кітаптар мен журналдардың құнды экспонаттарына және кітапхана ұйымдастырған конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, қызығушылық клубтарға, сондай-ақ белгілі адамдармен, атақты тұлғалармен, ғылым, мәдениет қайраткерлерімен кездесулерге қатысуға мүмкіндік алды.
Барлығы қызықты болды,ең бастысы, студенттер оқу үшін де, жалпы даму үшін де қажетті ақпарат алу үшін кітапхананың мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.
Барлық студенттерге оқырман билеттері табыс етілді, ал Илясов Иззат “Жыр-жауһар”поэтикалық клубына жазылды.
Болдыш С. К., фармацевтикалық пәндер кафедрасы