“Наурыз шашу” көркем-шығармашылық сабағы

2022 жылдың 18 наурызында Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Абылбаева “Наурыз шашу” атты көркем-шығармашылық сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: студенттерге Шығыс халқының ұлы Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, халқымыздың салт-дәстүрлерін дағдыландыру, шынайылықты, адамгершілікті, ұлтты тәрбиелеу және сол арқылы қазақ тілінің мәртебесін арттыру.

Сабақ барысында қазақтардың салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы түсініктемелер беріліп, ұлттық ойындар өткізілді. Студенттер халық әндерін айтып, би биледі. Сондай-ақ, қазақ халқының: “Бата”, “Шашу” секілді салт-дәстүрлері: көрсетілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.