2023 жылдың 20 наурызында “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен Наурыз мерекесіне арналған ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты:
- қазақ халқының дәстүрлеріне деген құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу;
- студенттердің жалпы мәдениетін дамыту.

Кураторлық сағат барысында студенттермен Наурыз мейрамы, оның шығу тегі, мерекенің ерекшеліктері, дәстүрлері туралы әңгіме болды. Наурыз мерекесінің тарихына арналған бейнеролик көрсетілді.
Наурыз-Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі. Көктемгі мереке-жаңарудың, жаңа өмірдің тууының, жаңа мүмкіндіктердің символы. Ол құнарлылыққа, махаббат пен достықтың салтанатына арналған. Наурыз — барлық жаман және жағымсыз нәрселер ескі жылда қалатынын, ал көктемде барлық жарқын және қуанышты жайттар қайта туылатынын еске салады.

Кураторлық сағаттың қорытындысында Қазақстан халқына ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу және қадірлеу өте маңызды, өйткені олар біздің халқымыздың бірлігінің негізі болып табылады деген тұжырым жасалды.