Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының К -20-1 тобы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай кураторлық сағат өткізді. Топ студенттері ұлттық нақыштағы әсем киімдерін киіп, шолпы таққан бұрымдарымен байырғы қазақ тұрмысының бір бейнесін еске салды. 22- наурыз ұлттық құндылықтарымызды еске алатын бірден-бір мейрам. Татулық пен бірлікті, бейбітшілік пен ынтымақтастықты дәріптейтін бұл мейрамның маңызын түсіне білу керек.Студенттеріміз осы тұрғыда халықтың бастан кешкен тарихи оқиғалары ,тұрмыс тіршілігінің бір бөлігіне айналған әдет -ғұрпы, бабаларымыздың даналығы жайлы өз ойларын ортаға салды. К-20-1 тобы барлық Академия оқытушылары мен студенттерін Әз – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды. Ұлыс оң, ақ мол болсын!


