2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Bolashaq» Академиясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толыққанды мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрғалиев Бақыт Молдатьяұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Криминалистикалық және қылмыстық-процестік ғылым: қазіргі жай-күйі және даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Бақыт Молдатьяұлы 2009 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін “Bolashaq” академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді, бірақ әрдайым заң пәндері кафедрасының профессоры, құқықтық және салыстырмалы зерттеулер ҒЗИ директоры, заң факультетінің деканы болып қызмет етеді және қазіргі уақытта академияның құқықтық және салыстырмалы зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері қызметін атқарады.
Конференция жұмысында мерейтой иесіне арналған дәстүрлі құттықтаулармен қатар қазіргі заманғы криминалистиканың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бұл – сотқа дейінгі тергеп-тексеру практикасының проблемалары, тергеп-тексеру процесін цифрландырудың проблемалары мен перспективалары, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруде криминалистиканың дәстүрлі емес әдістерін пайдалану мәселелері.
Конференция географиясы ең ауқымды болды. Жұмысқа еліміздің, жақын және алыс шетелдердің көрнекті ғалымдары қатысты, атап айтқанда, Польша Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Қырғыз Республикасынан және т. б. әріптестер болды.
Біздің академиядан профессорлар Арыстанбеков М.А., Кабжанов А.Т., Рысмағамбетова Г.М., Серимов Е. Е., Оспанова Г. С. қатысты.
Офлайн, онлайн түрінде өткен конференцияда:
тергеп-тексеру процесін цифрландыру: іске асыру проблемалары және даму перспективалары;
криминалистикалық техника, сот сараптамасы, қылмыстарды тергеп-тексеру тактикасы мен әдістемесінің проблемалары;
қылмыстық процестегі сотқа дейінгі іс жүргізу: теория және практика мәселелері;
қылмыстарды ашу және тергеп-тексеруде криминалистиканың дәстүрлі емес әдістерін қолдану мәселелері талқыланды.
Оған халықаралық ғылыми ұйымдардың, мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері және Литва, Сербия, Ресей және ТМД-ның басқа да елдерінің ғалымдары қатысты. «Bolashaq» Академиясы Бақыт Молдатьяұлы Нұрғалиевтің «Заң ғылымындағы өмірім» атты өмірі мен шығармашылығына арналған жинақ шығарса, академия ғалымдары мерейтой иесіне арналған конференциясының мәнді өтуіне айтарлықтай атсалысты.
Кафедра ұжымы Бахыт Молдатьяевичтің өзі оқыған және ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген ЖОО-да осындай маңызды және ауқымды іс-шараны өткізуге өз көмегін тигізді!
Жағдайды пайдалана отырып, құрметті профессорымызды кезекті мерейтойымен тағы да құттықтай келе, қазіргі заманғы криминалистика ғылымында шығармашылық ұзақ ғұмыр мен үлкен жетістіктер тілегіміз келеді!