2020 жылдың 20 қарашасында кафедра меңгерушісі Қабжанов А.Т. бастаған заң пәндері кафедрасының оқытушылары Қарағанды экономикалық университетінің (Қазтұтынуодағы) жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорларымен, профессор Балғымбеков Дәурен Үкібайұлы тарапында бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге, есірткі саудасы мен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстелді Н. Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің әріптестері ұйымдастырды және қашықтықтан онлайн форматта Moodle платформасында өткізілді.