25 сәуір күні “Bolashaq” академиясының Ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай алда тұрған міндеттері жайлы академия студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараның модераторы: Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Исмайлова Р.Н.
Кездесу барысында филология ғылымдарының докторы, профессор М. Хамзин Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша академияда кешенді жұмыс жоспарының жасалғанын хабардар етіп, негізгі 10 бағыт бойынша ғылыми дәйекке негіздей отыра, студенттерге түсіндірді. Философия ғылымдарының докторы, профессор Елікбаев Н.Е. Жолдаудың негізгі бағыттарын іске асыру үшін әр қазақстандықтың, әсіресе, студенттер қауымының атқаратын міндеттеріне тоқталды. Қарағанды облыстық қазақ тілі мен мәдениеті қоғамының төрағасы, доцент Серімов Е.Е. мемлекеттік тілге қатысты ойларымен бөлісті.
Кездесуде студенттер өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауап алды. Іс-шара модераторы Исмаилова Р.Н. кездесуді қорытындылап, алдағы уақытта осындай маңызды кездесулер тұрақты түрде өтіп тұратындығын айтты. Кездесу өте қызықты,әрі мазмұнды өтті.