2022 жылдың 9 қыркүйегінде ППиМНО кафедрасының эдвайзерлері Шутенова С.Р.., Таликова Г. Т., Тажинин А. М. “Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы” тақырыбында ДОВ, ПМНО, ПиП білім беру бағдарламалары бойынша орыс бөлімінің студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты Президент Жолдауының негізгі бағыттарымен танысу және оларды студенттермен бірге талқылау болды.
Кураторлық сағат барысында Жолдаудың экономиканы дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, үкімет құрылымын жаңарту, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және т. б. маңызды аспектілері талқыланды.
Студенттермен әңгімелесу барысында келесі сұрақтар пайдаланылды:
- Қазақстанда 2022 жыл қандай жыл деп жарияланды?
- Орта білім беру жүйесін қандай реформалар күтіп тұр?
- ҚР саяси жүйесінде қандай реформалар жарияланды?
Кураторлық сағаттың соңында Қазақстан халқы жалпыұлттық келісімді, билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға ықпал етуі тиіс, ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін шоғырландыру қажет деген қорытынды жасалды.