2022 оқу жылының 8 сәуірінде психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Азат Мырзабекұлы, Сабира Сартайқызы “Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы” тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Президент Жолдауымен оның негізгі және маңызды мәселелерімен танысу кураторлық сағаттың мақсаты болды.
Кураторлық сағат барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту туралы мәселелері туралы, қандай өзгерістер болғаны және олар мемлекеттің дамуына қалай әсер еткендігі қаралды.
Ең басты міндет-мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқымыздың түпкі мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағытты берік ұстану болып табылатындығын айқындады.
Қазақстан Республикасы халқының болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышы: біздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елді трансформациялауға жұмылуға тиіс.
Кураторлық сағаттың соңында халық, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстан туралы “Әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт. Диалог пен ымыраға келудің жоғары мәдениеті біздің еліміздегі азаматтық ынтымақтастықты нығайтудың басты факторларының бірі болады!» деген қағидатын дәйекті ұстануы керек деген қорытындыға келді.
Қасиетті Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін!