2022 жылғы 26 мамырдан бастап академияда ғылыми-педагогикалық бағытта білім алып жүрген магистарнттар қорытынды аттестаттау сынағынан өтуді бастады. Алғашқы кезек 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттарына бұйырды.
Қорғау көшінің алдыңғы легі болған соң, академия ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев қорғау жүріп жатқан оқу аудиториясына кіріп, магистранттарға сәттілік тіледі.
Магистранттар екі жыл бойына жазған ғылыми еңбектерін сәтті қорғап шықты. Бітіруші магистранттарға алдағы қызметтік жұмыстарына сәттілік тілейміз. Толағай табыстарға жете беріңіздер, қадірлі магистранттар!