Осы күндері бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар қорытынды аттесттау сынағынан өтіп жатыр.
Екі жыл бойғы алған білімдері мен ғылыми ізденіс жұмыстары сарапқа салынуда. Теория мен практиканы қатар салыстырып, уақыттың нақышына қарай қоғамға қажетті деген өз салалары бойынша тұщымды ұсыныстары мен тұжырымдарын жасауда. Бүгін 7М04202-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттарының бір тобы ғылыми жұмыстарын сәтті қорғады.