Қазақстан Республикасы БжҒ министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың 2019-2020 оқу жылының академиялық күнтізбенің талаптарына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында 7М04201 – «Құқықтану», 7М04101 – «Қаржы», 7М01101 – «Педагогика және психология», 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары бойынша 2-курс магистранттары үшін педагогикалық пррактикадан өту қарастырылған. Осыған орай 11-қараша мен 30-қараша аралығында 2 курс магистранттары педагогикалық практикаға жіберілген болатын. Оның алдында педагогикалық практика бойынша бекіту конференциялары болып өтті. Академия ректорының бұйрығы бойынша 7М04201 – «Құқықтану», 7М04101 – «Қаржы» магистранттарына педагогикалық практикадан өту жетекшілігіне – п.ғ.к., профессор Т.П.Смолькина, 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиетіне» ф.ғ.к., доцент А.М. Бабашев, 7М01101 – «Педагогика және психологияда» п.ғ.к., доцент Ж.Ж. Тұрсынова жетекші ретінде тағайындалды.



Ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттары практикалық дағдылар мен оқыту әдістерін қалыптастыру мақсатында педагогикалық практикадан өтті.
Педагогикалық практика теориялық дайындық кезеңінде оқу үрдісінен үзіліссіз өткізілді. Сонымен қатар магистранттар бакалавриатта сабақ беруге қатысты.
Магистранттар жұмысты жоспарлауға, топтардың сипаттамаларына сәйкес дұрыс әдістер мен нысандарды таңдауға үйренді. Оқытушының педагогикалық шеберлігін бағалау шкаласы, жеке басын бағалау парағы жасалды.
Практика кезінде бірқатар магистранттар өздерін жағымды жақтан көрсете білді, өзін саналы, білікті маман ретінде әйгілеп үлгерді. Магистранттар практиканың мақсаттары мен мазмұнын меңгере білді.

МЮ-18-1 оқу тобының магистранты Жанар Алшинбаева Ю-18-1 топта «Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)» пәнінен «Жеке меншік түсінігі» тақырыбында дәріс өткізді.



МЮ-18-1 оқу тобының магистаранты Мекеев Данияр в группе Ю-19-2 тобында «ҚР-ның құқық қорғау жүйесі» пәні бойынша «Ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет органдары» тақырыбында семинар сабығын өткізіді.





2 курс магистранты Е.А. Клименко (МПП-18-1) «Педагогикалық шеберлік» пәнінен дәріс өткізді






МЮ-18-1оқу тобының магистранты Александр Шакибаев «Қылмыстық құқық» пәнінен дәріс беруде. Дәріс тақырыбы «Қылмысқа қатысу»



