ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

«Bolashaq» Аадемиясының «Кәсіби бағдар – 2023» науқаны аясында сәуір айының басынан бері Теміртау мектептерінің түлектерін кәсіби ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп келеді.

10 сәуір күні Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы Теміртаудағы №1, №7, №11, №14, №16, №19, №20, №24 ЖББМ, ЖББМЛ, сондай-ақ Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия және №1 гимназия түлектерімен кәсіби бағдар шеңберінде кездесіп, академиядағы мамандықтар жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Ж.М.Баймұрынов Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияның 10 және 11-сынып оқушыларымен кафедра дайындайтын мамандықтар, жалпы Академия және оның түлектері жөнінде арнайы әңгіме өрбітті. Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мамандықтардың артықшылығы, оған деген сұраныс ауқымы, студенттердің біліктілік деңгейі, құзыреттілік сипаты, жұмыспен қамтылуы және, ең бастысы, жеке тұлға ретіндегі рухани әлемі тақырыбында кәсіби әрі танымдық бағытта шағын дәріс өткізіп, соңын сұрақ-жауап форматында қорытындылады.

Кездесу барысында анықталғаны – 11-сынып оқушылары облыс көлеміндегі ЖОО-лар және ондағы мамандықтар жөнінде біршама біледі, ал 10-сынып оқушылары үшін көп мәлімет бейтаныс.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтың дені грантта оқу мүмкіндігі, шәкіртақы алу критерийлері, оқу төлемақысы және жатақхана мәселесі төңірегінде болды.

Кәсіби бағдар аясындағы кездесудің түйінді нәтижесі – 10-сынып оқушыларының біразы келешекте «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқуға қызығушылық танытты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.