Латын графикасына байланысты Республикалық ғылыми-практикалық семинар «Bolashaq» академиясында

17-19 қыркүйек аралығында “Bolashaq” академиясы латын графикасындағы білім беру саласының қызметкерлерін оқыту бойынша республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізеді.

Аталған семинарда қатысушылар үшін дөңгелек үстел мен тренингтер өткізу жоспарлануда.

Семинарды Қазақстан Республикасы бойынша жұмыс тобы төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Уәлиев ашады.

Дөңгелек үстел және семинар-тренингтер Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына “Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” АҚ өкілдерімен бірлесіп өткізіледі.

Семинарға қатысу тегін.

Сертификат ақылы негізде беріледі. Бұл сертификат білім беру мекемелерінде алған білімі бойынша дәріс оқуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық хатпен, семинар бағдарламасымен танысу, өтінім беру:

1-Ақпараттық-хат

2-Өтінім

3-Бағдарлама

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.