19 мамырда “Bolashaq“ Академиясында оффлайн және онлайн форматта Кураторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н.Исмайлова аға кураторлармен кезекті отырыста көктемгі семестрде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды іске асыруда кезек күттірмес шараларға тоқталды. Екінші жарты жылдық жоспарларының орындалу барысы мен студенттердің сессияға оқу төлемі туралы, бітіруші түлектердің ресми түрде өтетін “Диплом табыстау” кешіне дайындығы талқыланды.
Сондай-ақ мамыр, маусым айларында орындалуға тиісті шараларды өз уақытында іске асыру тапсырылды. Аға кураторлар әр топ бойынша атқарылған іс шаралар туралы есеп берді.