Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды!!!

Біздің болашақ магистранттар!

Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды!!!

Тіркелу: 2022 жылғы 10-шы маусымнан 15 шілдеге дейін app.testcenter.kz сайтында.

Кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.

  • Тіркелу барысында Сіз тестілеу орнын (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
  • Қаласына немесе КТ тапсыру тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламалары тобына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда 15 шілдеге дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзету және жою мүмкіндігі ұсынылады.
  • Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған дайындық бағыты, білім беру бағдарламалары тобы, тестілеу тапсыру тілі мен қаласы өзгертілмейді.
  • Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

2022 жылғы негізгі кешенді тестілеу туралы нені білу қажет:

  • КТ-ға өтініш бергенге дейін түсуші КТ-ға өтініш беру туралы ЖОО-ның қабылдау комиссиясында білім беру салаларының, білім беру бағдарламасының таңдалған тобының, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дайындау бағытының және КТ форматының сәйкестігі мәселелері бойынша консультация алу қажет;
  • ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясына сілтемелер www.testcenter.kz сайттында ұсынылған және AUTO Telegram-арнасында ұсынылған . Сілтемелер Stories-те көрсетіледі;
  • Білім беру грантын беру конкурсына өтініш бергенге дейін оқуға түсушінің “білім алушы”мәртебесі болмауы тиіс;
  • Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсушілер магистратураға шет тілі бойынша КТ тестілеуінен босатылады;
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл 75 балды, ал бейінді магистратураға түсу үшін – 50 балды құрайд

Оның ішінде: шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық), ОДАТ (оқуға дайындығын анықтау тесті) – кемінде 7 балл, БББТ (білім беру бағдарламалары тобының) бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен);

Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды. Төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

Сіздерден Жеке кабинетіңіздің логин және құпия сөзін сақтау сұралады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.