Келмеске кеткен бауырлар

Әлеуметтік желіден жергілікті ақын – Қайрат Асқардың Костенко шахтасында қаза болған бауырларымызға арналған өлеңін оқыдық. Өлеңді оқи отыра студенттер қазалы оқиғаға байланысты өздерінің ішкі толғаныстарын, аяныш сезімдерін жасыра алмады. Ақын, Қайрат Асқар, бауырларымыздың тірідей өртеніп, тірідей көмілгені жайында олардың жарық дүниені жақсы көрсе де енді көре алмайтындығы жайында толғана жазған. Кімнің де болса қабырғасы қайысарлық жағдай.
Ең жақын туған-туыстарынан, әкелерінен айырылған балалар, балаларынан айырылған аналар- нағыз жүректі қан жылататын көрініс”.
Ия, шынымен де бұл апат барлық елге оңай тимеді. Осы бір Костенко шахтасында болған оқиға талай жанның өмірін қиды. Қайғырып жатқан барша отбасына көңіл айтамыз.

Бұл, осындай бейбіт өмірдегі адам шошырлық алапат деуге болады.
Қаншама отбасы қайғыдан қан жұтып, жылап еңіреп қалды.
Кеше ғана жұмысқа шығарып салған туғандары қара жермен тапталып, азапты өлімге ұшырады.
“Костенко” шахтасындағы жағдай тәуелсіз Қазақстан тарихында болған ең ірі апат. Бұл қайғылы жағдай барлық қазақ елінің қабырғасын қайыстырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.