2023 жылдың 11 наурызында “Bolashaq” Академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжіне кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу сағатын өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары колледждің фармацевтикалық бағыты бойынша тәмәмдайтын түлектер арасында жүргізілді. Оларға арнайы оқу орнымызға қабылданатын талапкерлерге арналған ақпараттық буклеттер таратылды. Оқуға қабылдану ережесі, оқу ақысы және фармацевтикалық пәндер кафедрасы туралы, Фармация 6В10101 оқу бағдарламасы бойынша білім алған студенттер қай бағытта қызмет жасай алатыны туралы толық мәліметтер берілді. Бұл шараға Академия студенттері де қатысып, оқу орнымыздың студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктері мен жеңілдіктері жайлы сөз етті. Колледж студенттерінің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.
You may also like
1 наурызда Алғыс айту күніне орай ИН-23-1,2 топтарымен кураторлық сағат өткізілді. Студенттер мерекенің тарихын еске алып, АҚШ-тағы Алғыс айту күнімен салыстырды. Талқылау […]
2022 жылдың 29 сәуірінде “Bolashaq” ЖМ академиясында жыл сайынғы “Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында “Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесінің […]
Төрт жыл бойы Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының бітіруші курс студенттеріне “IELTS үшін ағылшын тілі” пәні оқытылды. Оның кафедраның білім беру […]
Достар! 23 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қарағанды музыкалық комедиясы алаңында баршаңызды “KitapTime-2022″атты тұңғыш жалпыреспубликалық кітап фестивалінің ашылуында күтеміз! Фестиваль аясында: “Білімнің бас […]