2022 жылғы 2 желтоқсанда біздің әріптесіміз, құрметті академик, з.ғ.д., профессор, Нұрғалиев Бақыт Молдатьяұлы Иимануил Кант атындағы Балтық федералды университеті (Калининград қ., Ресей) ұйымдастырған «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл саласындағы қылмыстық саясатты іске асыру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға онлайн режимде қатысып, қызу пікірталас тудырған «Саяси күресте радикалды топтардың қызметін пайдалану. Қазақстандағы мемлекеттік төңкеріс әрекетінің хронологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

