«СТУДЕНТ БАРЫСЫ» қазақ күресі бойынша қалалық студенттер лигасы

2022 жылы 3 желтоқсанда Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған  дене шынықтыру және спорт саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің студент жастары арасында «СТУДЕНТ БАРЫСЫ» қазақ күресі бойынша қалалық студенттер лигасы өтті.

Бұл жарысқа жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.Б Макажанованың жетекшілігімен Академиямыздың атынан Мусилов Алихан (60 кг) Фм-21-2, Ізбасар Ерғанат К-20-1 (60 кг), Сламбек Даниял Ю-22-2 (66 кг) топтарының студенттері қатысты.

Батырларымыз мықты нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан табылды. Мусилов Алихан 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Тек алға!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.