Иммундау мәселелері бойынша кездесу

2021 жылғы 12 наурызда ZOOM платформасында Covid-19-дан иммундаудың өзекті мәселелері бойынша онлайн кездесу өтті, оған “Blashaq”академиясының қызметкерлері мен ПОҚ қатысты.

Кездесуді ұйымдастырушы Қарағанды қаласының “Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы” ЖШС.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 27.01.2021 жылғы №3 “ҚР тұрғындары арасында короновирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы” Қаулысына сәйкес меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі, орта, орта арнайы, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтері короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары және КВИ-ға қарсы басым тәртіппен вакцинациялауға жатады.

Білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде “Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы” ЖШС инфекционист-мамандары ұсынылған вакцинациялау қажеттілігі, қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлер, вакцина туралы естілген мифтер туралы айтып берді.
“Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы” ЖШС мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.