2022 жылдың 4 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізеді. Олимпиада Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 14 өтінім және химия бойынша 13 өтінім берілді. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушылары үшін өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты-болашақ мектеп түлектеріне мамандық таңдауда және кәсіби бағдарлануда белсенді түрде көмек көрсету, химия және биология саласында кең білімі бар қабілетті оқушыларды анықтау.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.
1 – ші тур-тестілеу 2022 ж. 4 ақпан күні “Bolashaq” академиясының интернет-ресурстары негізінде Moodle платформасында өткізіледі.
2-ші тур 2022 жылдың 11 ақпанында сағат 14.00-де ZOOM бейнеконференция бағдарламасында өтеді.
Екінші турда екінші турға өткен Олимпиада қатысушыларына баяндама-презентация жасау ұсынылады. Биология пәні бойынша “Биологиядағы инновация”тақырыбында. Химия пәні бойынша “Химиядағы инновациялық жаңалықтар”.
Әр пән бойынша олимпиада жеңімпаздарын конкурстық комиссия анықтайды.