2021 жылдың 24 қарашасында «Bolashaq» Академиясының фармацевикалық пәндер кафедрасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Халық денсаулығы- мемлекетіміздің байлығы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел ұйымдастырылушылары: Темиреева К.С. мен Тукубаева Г.Н. Аталған іс-шараға фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі – Сұлтанов А.К., қаржы кафедрасының меңгерушісі Дарибекова А.С., оқу бөлімінің меңгерушісі Туганбаева С.Т., және Кадирова Г.А., қатысты. Қарағанды медициналық университетінің жұқпалы аурулар мен фтизиатрия кафедрасының еңбек сіңірген профессоры м.ғ.д. және Ресей Академиясы жаратылыстану ғылымының академигі Бегайдарова Роза Хасановна, «Ковид-19 мәселелері» жайында баяндама оқыды. Баяндамада клиника, емдеу және вакцина жасау тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы – Беркимбаева Жанар Жаркеновна, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының санитарлық – эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама оқыды. Дөңгелек үстелге “Bolashaq” Академиясының студенттері: Алтынбек А., Торебаева А., Қожахметов М. және ҚМУ студенті Әбдірәсіл И. баяндама жасады. Іс шара барысында баяндамашыларға оқытушылар мен студенттер тарапынан біршама сұрақтар қойылып, қызу талқыланды.