
Қазақстан Республикасында 2021 жылға арналған мерзімді басылымдарға жазылу науқаны басталды.Сіздің таңдауыңыз бойынша академия кітапханасында танысуға болатын алуан түрлі, қызықты, пайдалы газеттер мен журналдардың 3 мыңнан астам атауын “Қазпошта” АҚ каталогынан таңдауға болады.

Қажетті басылымдарды таңдауда дұрыс бағдар алу мақсатында жазылушылар үшін қысқа аннотация және белгілі бір күнтізбелік мерзімге жазылу құны беріледі, (1 ай., 3 ай., 6 ай., 12 ай.). Мысалы, төменде “Еgemen Qazaqstan” және “Казахстанская правда” республикалық газеттерінің бағасы келтірілген.

Облыстық “Ortalyq Qazaqstan”, “Индустриальная Караганда” газеттеріне жазылуға жеңілдікті тарифтер ұсынылып, төмендегі кестеде көрсетілген. Егер сіз жылдық жазылымды рәсімдесеңіз, мұндай тариф 2020 жылдың 26 қазанынан 23 қарашасына дейін жарамды болады.

Қазақстандық басылымдармен қатар “Қазпочта” АҚ каталогына ҚР аумағында таратылатын Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ең танымал газеттері мен журналдары кірді. Каталогта орналастырылған толығырақ ақпаратты сіз www.kazpost.kz сайтынан, сондай-ақ, “Қазпошта” АҚ – ның байланыс орталығындағы Qpost бот қызметіне тегін қоңырау шалу арқылы post.kz. сайтынан ала аласыз.
“Қазпочта” АҚ-ның “Газеттер мен журналдар” каталогы бойынша жазылуды қабылдау “Bolashaq”академиясының кітапханасында жүзеге асырылады.