«Фармакогност» үйірмесінің отырысы

Қыркүйек айында «Фармакогност»үйірмесінің бірінші отырысы өтті. «Фармакогност» үйірмесінің жетекшісі К.С. Хаштай отырыс барысында студенттермен Орталық Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің құрамы бойынша «Сұрақ-жауап» форматында ойын ойнады. Сондай-ақ «дәрілік өсімдіктерді анықтау»тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді.
Қатысушылар бұл дәрілік өсімдікті анықтап, оның ботаникалық сипаттамасын жазды. Дәрілік өсімдіктер арнайы анықтайтын агентпен анықталды және гербарийге жапсырма жапсырылды.

«Фармакогност» үйірмесінің қорытындысы:

  1. Біздің қалада кездесетін өсімдіктермен танысу;
  2. Белгілі бір құраммен жұмыс;
  3. Деректерге сипаттама беру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.