Академияда жаңалықсыз күн өтпейді. Бүгінгі күн де жақсы жаңалығымен қуантты. Түркия мемлекетінің Сакария қаласындағы «Сакария» университетімен етене байланыста екеніміз белгілі. Екі оқу орны арасында келісімшартымыз бар. Міне, осы жоғары оқу орнының Бизнес институты «Ақпараттық жүйені басқару» білім беру бағдарламасының 1-курсына Сағыныш Оразханұлы Исмағұлов докторант ретінде қабылданды. Білімі мен біліктілігінің арқасында конкурстық негіздегі сынақтан сүрінбей өті. Академияның жарқын болашағы Сағыныш Исмағұлов тақылеттес өскелең ұрпақпен тікелей астасып жатыр. Ол қаншама жылдар бойы тәжірибеде жинақтаған мол білімін иінді қолданып, тынысын толық мәнде аша алады деп үмітімізді үкілеп отырмыз. Таңдаған мамандығының қиян-қилы құпияларын танып, шетсіз-шексіз сыр мен сезімге маңып, аспандай кең білім биігінде самғай алады деп сенгіміз келеді. Сағынышқа ақ жол тілейміз.
You may also like
26 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы, доцент Б.К. Өтемұратова 1 курс студенттері арасында «Менің мамандығым» тақырыбында […]
2022 жылғы 2 желтоқсанда біздің әріптесіміз, құрметті академик, з.ғ.д., профессор, Нұрғалиев Бақыт Молдатьяұлы Иимануил Кант атындағы Балтық федералды университеті (Калининград қ., Ресей) […]
7 қарашада «Bolashaq» Академиясы қабырғасында «Бейбарыс сұлтан – жеңістер атасы» атты ағартушылық – танымдық тәрбиелік мәні зор дәріс жүргізілді. Дәрісті ӘТЖ проректоры […]