“Bolashaq” Академиясында 4.05 күні 170-ке тарта студенттер мен оқытушылар құрамы бір уақытта жалпыұлттық патриоттық диктант жазу іс шарасына қатысты.


Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантқа 120 студент, 45 профессор-оқытушылар құрамы 215,316 аудиторияда диктант жазды. 141 сөзден тұратын мәтінді жазуға қазақ тілді білім алушылардан бөлек, өзге ұлт өкілдері де ат салысты.


Бұл іс шараның мақсаты — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.


