2021 жылғы 17 ақпан мен 17 наурыз аралығында «Bolashaq» академиясында Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқытушылар, қызметкерлер және студенттер арасында жыл сайынғы дәстүрлі «Екі жұлдыз-2021» эстрадалық-вокалдық он-лайн шоу жобасын ұйымдастырды.

Бір ай бойы 10 жұп онлайн-байқаудың басты олжасы үшін күресті. Жоба ережелеріне сәйкес бұл жұптар Instagram желісіндегі «Bolashaq» академиясының ресми парақшасында жарияланған видео камераның алдында ән шырқады. Байқаудың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның хиттері.

Қатысушылар лайк, пікірлер мен репосттар жинау арқылы өздерін жариялауы керек болды, содан кейін байқаудың Ұйымдастыру комитеті қорытынды жасады.
Қатысушылар:
пара | Аты-жөні | Кафедра | Репертуар |
1 | Тукубаева Гүлмира Нұрахметқызы | Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы | «Золотой» А.Жамбакиев, Д.Беляев - А.Маклай |
Сабырбаева Құралай | Фм-20-2 | ||
2 | Рахимбаева Баян Турабековна | Старший преподаватель кафедры «Иностранных языков и межкультурных коммуникации» | «Тысячи историй» Автор слов: Alex Davia, Dima NoOne Автор музыки: Alex Davia, HAZИМА |
Екатерина Бацунова | Фм-18-1 | ||
3 | Бағашар Мұхамеджанұлы | «Руханият» бөлімінің қызметкері | «Достар, достар» Әні: Ә.Еспаев Сөзі: Қ.Ыдырысов |
Ханат Өтеген | Ю-20-2 | ||
4 | Байшагиров Мейрбек Қайырбекұлы | Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы | «Танец под дождем» Сөзі, әні: Эдуард Бергалиев |
Балтаева Толқын | ПиП-20-1 | ||
5 | Кенетаева Аида Ерболатовна | Лаборант каф. ДиНО | «Менімен биле» |
Журсинбекова Ақдидар | ПМНО-20-2 | Әні, муз.: Б.Бимахан |
|
6 | Отыншиева Гүлім Қожахметқызы | Заң пәндері каф.аға оқытушы | «Ал, құрбым» Сөзі: Н.Айтұлы, Әні: Б.Бәбіжан |
Оңдасынова Мадина | Ю-19-2 | ||
7 | Мукашева Зухра Айткожаевна | «Болашақ-Баспа» бөлімінің редакторы | «Әпке мен сіңілі» Сөзі: С.Тоқтамысова, Әні: А.Сарбаз |
Ақтоты Закерия | Ин-18-2 | ||
8 | Байбекова Венера Алимкуловна | ПиП кафедрасының аға оқытушысы | «Махаббат жалыны» Сөзі/әні: Е.Елгезеков |
Асанова Мадина | Фм-18-2 | ||
9 | Жоламанова Жанара Тілеухановна | Тіркеуші | «Аққу арман» Әні: М.Салықов, Сөзі: Ж.Ысқақ |
Қабдолла Амина | Фм-19-3 |
Жыл сайын «Екі жұлдыз» байқауы ЖОО-нын республикалық, халықаралық ареналарда ұсынатын жаңа талантты студенттерді шығарады.

Қазылар алқасы өз таңдауын жасады және төмендегідей нәтижені көрсетті:
Бас жүлде-Тукубаева Г.Н., Сабырбаева Қ.
І орын-Жоламанова Ж.Т., Қабдолла А.
ІІ орын-Байбекоява В.А., Асанова М.
ІІІ орын-Рахимбаева Б.Т., Бацунова Е.

Номинациялар:
«Өзара толықтыратын жұп» – Отыншиева Г.Қ., Оңдасынова М.
«Белсенді жұп» – Мұхамеджанұлы Б., Ханат Ө.
«Әртістік жұп» – Байшағыров М.Қ., Балтаева Т.
«Креативті жұп» – Мукашева З.А., Закерия А.
«Көрермендер көзайымы» – Кенетаева А. Е., Жүрсінбекова А.

Ректор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы қатысушыларды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы
Мейірбек Байшағыров

