Екі жұлдыз – 2021

2021 жылғы 17 ақпан мен 17 наурыз аралығында “Bolashaq” академиясында Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқытушылар, қызметкерлер және студенттер арасында жыл сайынғы дәстүрлі “Екі жұлдыз-2021” эстрадалық-вокалдық он-лайн шоу жобасын ұйымдастырды.

Бір ай бойы 10 жұп онлайн-байқаудың басты олжасы үшін күресті. Жоба ережелеріне сәйкес бұл жұптар Instagram желісіндегі “Bolashaq” академиясының ресми парақшасында жарияланған видео камераның алдында ән шырқады. Байқаудың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның хиттері.

Қатысушылар лайк, пікірлер мен репосттар жинау арқылы өздерін жариялауы керек болды, содан кейін байқаудың Ұйымдастыру комитеті қорытынды жасады.

Қатысушылар:

    
параАты-жөніКафедраРепертуар
1Тукубаева Гүлмира НұрахметқызыФармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы«Золотой»
А.Жамбакиев, Д.Беляев - А.Маклай
Сабырбаева ҚұралайФм-20-2
2Рахимбаева Баян ТурабековнаСтарший преподаватель кафедры «Иностранных языков и межкультурных коммуникации»«Тысячи историй»
Автор слов: Alex Davia, Dima NoOne Автор музыки: Alex Davia, HAZИМА
Екатерина БацуноваФм-18-1
3Бағашар Мұхамеджанұлы«Руханият» бөлімінің қызметкері«Достар, достар»
Әні: Ә.Еспаев
Сөзі: Қ.Ыдырысов
Ханат ӨтегенЮ-20-2
4Байшагиров Мейрбек ҚайырбекұлыЖастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы«Танец под дождем»
Сөзі, әні:
Эдуард Бергалиев
Балтаева ТолқынПиП-20-1
5Кенетаева Аида ЕрболатовнаЛаборант каф. ДиНО«Менімен биле»
Журсинбекова АқдидарПМНО-20-2Әні, муз.:
Б.Бимахан
6Отыншиева Гүлім ҚожахметқызыЗаң пәндері каф.аға оқытушы«Ал, құрбым»
Сөзі: Н.Айтұлы,
Әні: Б.Бәбіжан
Оңдасынова МадинаЮ-19-2
7Мукашева Зухра Айткожаевна«Болашақ-Баспа» бөлімінің редакторы«Әпке мен сіңілі»
Сөзі: С.Тоқтамысова,
Әні: А.Сарбаз
Ақтоты ЗакерияИн-18-2
8Байбекова Венера АлимкуловнаПиП кафедрасының аға оқытушысы«Махаббат жалыны»
Сөзі/әні:
Е.Елгезеков
Асанова МадинаФм-18-2
9Жоламанова Жанара ТілеухановнаТіркеуші«Аққу арман»
Әні: М.Салықов,
Сөзі: Ж.Ысқақ
Қабдолла АминаФм-19-3

Жыл сайын “Екі жұлдыз” байқауы ЖОО-нын республикалық, халықаралық ареналарда ұсынатын жаңа талантты студенттерді шығарады.

Қазылар алқасы өз таңдауын жасады және төмендегідей нәтижені көрсетті:

Бас жүлде-Тукубаева Г.Н., Сабырбаева Қ.

І орын-Жоламанова Ж.Т., Қабдолла А.

ІІ орын-Байбекоява В.А., Асанова М.

ІІІ орын-Рахимбаева Б.Т., Бацунова Е.

Номинациялар:

“Өзара толықтыратын жұп” – Отыншиева Г.Қ., Оңдасынова М.

“Белсенді жұп” – Мұхамеджанұлы Б., Ханат Ө.

“Әртістік жұп” – Байшағыров М.Қ., Балтаева Т.

“Креативті жұп” – Мукашева З.А., Закерия А.

“Көрермендер көзайымы” – Кенетаева А. Е., Жүрсінбекова А.

Ректор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы қатысушыларды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы
Мейірбек Байшағыров

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.