ДОВ-20-2 каз тобында диплом алдындағы практиканың іс тәжірибе алдындағы нұсқаулық конференциясы отті. Конференцияға п.ғ.к., доцент Шалтаева Р.Ж., Таликова Г.Т., Алексеева Е.А., Нуртаева Д.Б. қатысты.
6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың диплом алдындағы практикасы оқу қызметінің түрі ретінде оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылды.
«Педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Шалтаева Роза Жиембаевна «Дипломалды практика» (08.04.24-10.05.24) бойынша, оның ерекшеліктерің және мазмұның талдады. Жалпы тапсырма зерттеу қызметін дайындау мен жүргізудің қажетті параметрлерінің мазмұндық сипаттамасын, сондай-ақ ғылыми зерттеудің: жұмыстың әдіснамалық базасының; жұмыс идеясын мағыналық өрістетудің; кейіннен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, жұмыстың ғылыми аппаратының жалпы логикалық схемасын құрастыруды қамтитыны айтылды.
Осы практика бойынша алдағы жылдары өткен студенттердің жұмыстарын көрсету арқылы ондағы жетістіктерге тоқталды. Диплом алдындағы практика – 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, бойынша білім бакалаврын даярлаудың жалпы процесінің құрамдас бөлігі ретінде студенттің ЖОО-дағы оқу кезеңіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы процесімен тығыз байланысты.Диплом алдындағы практиканың басты мақсаты-оқу-тәрбие процесі кезінде, сондай-ақ ғылыми психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша зерттеу жүргізу кезінде алынған кәсіби құзыреттіліктерді жүзеге асыру.Диплом алдындағы практика кезінде материалды іріктеу және дипломдық жұмысты қорғауға дайындық жеке тапсырмаларды орындау кезінде де, әртүрлі көздер мен арнайы әдебиеттерді зерттеу арқылы жүзеге асырылатыны айтылды.Сөз аяғында студенттерге сәттілік тіледі.
«Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Жанысбаева Р.М.