2021 жылдың 4 және 7 маусымында мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушылары Искакова Д.М. мен Голомазова Е.А. ZOOM платформасында он-лайн режимінде “Bolashaq” Қарағанды жоғары колледжінің түлектерімен кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді.

Оқытушылар колледж түлектерін “Bolashaq” академиясының қабылдау шарттарымен таныстырды, “Bolashaq”академиясы даярлауды жүзеге асыратын бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

“Bolashaq” Қарағанды жоғары колледжінің түлектеріне “Bolashaq”академиясы туралы толық ақпарат ұсынылды.

