23 қарашада ИН-23 1, 2 топтарында “Interethnic and religious harmony” кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағат барысында студенттер: надандық , өзара әрекеттесуге құлықсыздық, белгісізден қорқу, стереотиптерді ұстану сияқты этносаралық және діни қақтығыстардың себептерін талқылады.


Әрі қарай студенттер қақтығыстардан неге аулақ болу керектігі туралы өз пікірлерін білдірді, сондай-ақ этносаралық және дінаралық келісімге қол жеткізу жолдарын ұсынды. Негізгі құрал ел ішінде және әлемде білім берудің жалпы деңгейін дамыту деп аталды.