“Педагогика” кафедрасы жанындағы психологиялық қызметтің жұмысы туралы

24 қарашада “Bolashaq” Академиясы мен 31775 әскери бөлімі арасындағы жеке құрамды зерттеуге көмек көрсету бойынша ынтымақтастық аясында оқытушы – психологтар Алуа Сәбитқызы Әбдірахманова мен Самал Кемелбайқызы Мекадилованың, сондай-ақ “Педагогика және Психология” білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерінің қатысуымен “Адамның мінез – құлқын зерттеу” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренинг әскерге шақырылушылармен өткізілді және сарбаздарда қызмет мотивациясын арттыруға, депрессиялық жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Оқытушылар әртүрлі психологиялық әдістер мен тәсілдерді қолданды.

Тренингті жеке құрам өте пайдалы және уақтылы іс-шара ретінде бағалады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.