2024 жылғы 15 ақпанда Қарағанды қаласының авто Халыққа қызмет көрсету орталығында Қарағанды қаласының тұрғындарына тегін заң көмегін көрсету бойынша “Әділет кеңес береді” акциясы өткізілді.
Адвокат, жеке нотариус, заң кеңесшісі, “Қайсар” қоғамдық қорының өкілі және Қарағанды Әділет департаментінің қызметкерлері тегін заң көмегін көрсетті. Сондай-ақ, Ю 21-1 тобының студенті Оразкенов Әмірхан Қайратұлы “Bolashaq” Академиясының жас заңгері” ретінде қатысты.
Акция барысында Қарағанды қаласының тұрғындарына азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқық, жер және отбасы құқығы саласында сапалы тегін заң көмегі көрсетілді. Көмек сұраған тұрғындар өз сұрақтарына алған жауаптарына қанағаттанып, алғыстарын білдірді.