2021 жылдың 24 қарашасында сағат 14.00 – де фармацевтикалық пәндер кафедрасы «Мемлекет байлығы-халық денсаулығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Қатысушылардың назарына келесі баяндамалар ұсынылады:

- Бегайдарова Роза Хасановна, ҚМУ КЕАҚ жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, м.ғ.д., РЖА академигі. «СOVID-19 -дың өзекті мәселелері. Клиникасы. Емі. Вакцина жасау».
- Беркімбаева Жанар Жаркенова, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы. «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан бойынша сан-эпидемиологиялық ахуал. Вакцина жасау».
- Алтынбек Аяжан «Қаржы» кафедрасының 1 курс студенті, «СOVID-19-дың Мемлекетіміздің экономикасына әсері».
- Төребаева Асыл қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 4 курс студенті. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейміз».
- Кожахметов Марлен 3 курс студенті. «Пандемия кезіндегі құқық саласы».
- Әбдірәсіл Ислам ҰБА КЕАҚ Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің 4 курс студенті, «Короновирус (COVID-19) инфекциясы кезіндегі алдын алу шаралары».
Дөңгелек үстелдің өтетін орны: «Bolashaq» академиясының акт залы.