16 ақпан күні “Батыр” спорт кешенінде “Bolashaq”академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына орайластырылды.
Талғат Якубекұлы Бигелдинов-кеңес ұшқыш-шабуылшысы, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, 1945 жылғы 24 маусымдағы Қызыл Алаңдағы Жеңіс Парадының қатысушысы, Қазақстан авиациясының генерал-майоры.
Турнирге 6 команда қатысты: “BalMuzDaq” , “Абзал жандар”, “Пахтакор”, “Bolashaq”, “FC Andijon”және “Academy” оқытушылар командасы.
Турнир қорытындысы бойынша құрметті 3 орынды “Пахтакор” командасы иеленді.
Екінші орында – “BalMuzDag” командасы (бірінші курс студенттері командасы).
Тұғырға “Bolashaq” командасы шықты.
Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншыларына мүсіншелер мен Құрмет грамоталары табыс етілді. “Үздік қорғаушы” жүлдесін-ҚОТ орталығының маманы Тұрғанәлі Заңғар алды. “Үздік ойыншы” марапатын Бекназаров Отажон алды (Фм 20-2). “Турнирдің ең әдемі голы” номинациясында Очилов Шерзод жеңіске жетті (Фм 20-3).
Турнир тіпті шағын турнирлерде де үлкен жеңістердің, рух пен достықтың жеңістерінің болатындығының айқын дәлелі болды. Алдағы уақытта волейбол мен баскетболдан тек ұлдар арасында ғана емес, қыздар арасында да турнирлер өткізу жоспарлануда.