“Bolashaq” Академиясының ПОҚ үшін жыл сайынғы семинарлар шеңберінде 2024 жылғы 12 қаңтарда Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты білім беру саласындағы заманауи талаптар мен үрдістерді ескере отырып, Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының мысалында оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін талқылау және практикалық қарастыру болды.
Семинар аясында Шет тілдер және және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушылары Ганеев Руслан Рашидович, Абдрешева Мадина Каббасовна және Құрман Нұршат Көкқозқызы оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың түрлі инновациялық әдістерін ұсынды, олармен жеке тәжірибелерімен және осы технологияларды шет тілдерін оқытуға табысты енгізудің практикалық мысалдарымен бөлісті.
Шет тілдері мен және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушыларының презентациялары әріптестер үшін жаңа идеялардың қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар оқу процесін жақсартуға және студенттердің ынтасы мен белсенділігінің жоғары деңгейін сақтауға бағытталған практикалық нұсқаулық болды.
Іс-шара “Bolashaq” Академиясының оқытушыларына теориялық білім ғана емес, сонымен қатар оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды табысты енгізудің практикалық құралдарын ұсынды.