2020 жылдың қазан айынан бастап Академияда “Philology Island”ғылыми үйірмесі өз жұмысын бастайды.
Үйірменің негізгі мақсаты жастарды көркем әдебиетті оқуға және түсінуге тарту, сондай-ақ жас зерттеушілерге ғылымдағы алғашқы қадамдарында көмек көрсету және кеңес беру болып табылады.
Үйірме жұмысы аясында барлығына оқуға тиісті кітаптарды, әдеби әлемнің ең жарқын кейіпкерлерін, фильмге бейімделу мәселелерін және интерпретация қақтығыстарын талқылау жүзеге асырылады. Академияның тәжірибелі оқытушылары студенттердің ғылыми қызығушылықтары мен зерттеу қызметін дамыту, филологтың мәні мен рөлін, оның педагогикалық және ғылыми жұмысының ерекшеліктерін ашу мақсатында семинарлар өткізетін болады.
Үйірменің қызметі қаланың әртүрлі ұйымдары мен мекемелерімен бірлесе отырып бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруды қамтиды. Мысалы, Н. В. Гоголь атындағы кітапханамен бірлесе отырып көркем әдебиетті ілгері дамыта оқу әдістемесімен танысуға бағытталған “I’ m a critical reader” атты көркем мәтінді түсіндіру бойынша ашық сабақ өткізуді жоспарлап отыр.
2020-2021 оқу жылы бойы “Philology Island” (Филология аралы) өз қатысушыларын оқыған шығармаларымен бөлісуді, жаңа жаңалықтар ашуды және сөзге деген сүйіспеншілікті үйренуді күтеді!