21 қыркүйекте «Bolashaq» Академиясында білім алып жатқан бітіруші 4,5 курс студент – түлектері еңбек нарығы бойынша іс шараға қатысып қайтты.
Еңбек нарығының өзекті мәселелерін шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, еңбек нарығында талап етілетін кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алудың тиімді жүйесін құру міндетін қойды. Осыған байланысты 2023 жылғы 21 қыркүйекте қала жұмыссыздары үшін “Таир”сауда үйінде іс-шара ұйымдастырылды.
Іс шараның негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және жұмыссыздық деңгейін қысқарту, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген және болашақта жұмыс іздейтін азаматтардың тікелей байланысын орнату болып табылады.